Центр ОБСЕ поддерживает семинар по защите интеллектуальной собственности в Республике Казахстан
Астана, 23 қыркүйек 2013 жыл – бүгін Қазақстанның барлық аймақтарынан келген кедендік бақылау органдарының 40 жуық қызметкерлері Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен өткізіліп отырған контрафактілі және пираттық өнімдермен күрес мәселесіне арналған бес күндік республикалық семинарда бас қосты.
Шекарадағы контрафактілі өнімдерді анықтаудың және шектеудің үздік әдістемелері мен тәжірибесін жолға қою мақсатында шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының және Жапония кеденінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау комитеті мен Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бірлесуімен ұйымдастырылды. Семинар жұмысына Бельгия, Жапония және Ұлыбритания елдерінен келген ДСҰ сарапшылары, сондай-ақ «GlaxoSmithKline», «Unilever», «Hewlett-Packard», «Novartis», «Procter&Gamble», «PhilipMorris», «Toyota» және «Adidas» сияқты ірі халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.
Мұнымен қоса семинар бағдарламасында зияткерлік меншіктің бірыңғай кедендік тізілімінің жүргізілуіне, тәуекел көрсеткіштеріне және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлардың түпнұсқалығын тану шарттарын жақсарту мәселелеріне шолу көзделген.
«Шекара мен шекаралық бақылау концепциясы ЕҚЫҰ барлық қатысушы мемлекеттерімен 2005 жылы келісіліп, қатысушылар ұлтаралық ұйымдастырылған қылмыстың, заңсыз көші-қонның, сыбайлас жемқорлық пен контрабанданың алдын алу және онымен күресу міндеттемелерін өз мойындарына алған болатын», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Наталия Зарудная. «Міне, сол себепті де барлық елдердің кедендік органдары ЕҚЫҰ аймағында қоғамдық мүддені қорғау, контрафактілі және пираттық өнімдер саудасының жолын кесу қажет».
«Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау комитеті зияткерлік меншік нысандарын қамтитын тауарлар шекара асып тасымалданған уақытта халықаралық танылған нормалардың, зияткерлік меншік құқықтарының иеленушілері мен пайдаланушылары арасындағы қарым-қатынастардың ешбір кедергілерсіз іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс», - деді ДСҰ Астана қаласындағы Өңірлік білім орталығының басшысы Нұрболат Сукуров.
Аталмыш семинар ЕҚЫҰ Орталығы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің Қазақстан Республикасындағы сауда процедураларын мемлекеттік басқаруға және жеңілдетуге ықпалдасу ісіндегі бірлескен амалдардың бір бөлшегі болып табылады.