ЕҚЫҰ орталығы Орталық Азиялық қоршаған орта және орнықты даму саласындағы көшбасшылық бағдарламасына қолдау көрсетуде
Алматы қаласында 2013 жылдың 16 қыркүйегінде басталған тоғыз күндік Орталық Азиялық қоршаған орта және орнықты даму саласындағы көшбасшылық бағдарламасына Орталық Азия, Ауғанстан елдерінен келген 30 астам жас азаматтық қоғам көшбасшылар мен кәсіпқойлар қатысуда.
Норвегия үкіметің қолдауымен Орталық Азияның Аймақтық Экологиялық Орталығы (ОААЭО), ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы және БҰҰ қоршаған ортаны қорғау (ЮНЕП) бағдарламасы ұйымдастырған оқыту курсы Алматы қаласында екінші мәрте өткізіліп отыр. Аталмыш шара барысында қатысушылар экологиялық білім алып, өз дағдыларын күрделі экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерде қолдануға үйренетін болады.
«Орнықты даму моделі үш құраушыдан – экологиялық, экономикалық және әлеуметтік тұратын комбинацияны біріктіріп отыр», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының қызметкері, Астанадағы Орталықтың экономика және экология мәселелері жөніндегі кеңесші Александр Пейчев.
«Саяси партиялардың, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының, бизнес құрылымдарының осы өзара байланысты үш құраушының түсініп, орнықты даму және қолайлы экологиялық жағдайды дамыту мақсаттарында оларды әрекетті ұлттық стратегияларға айналдыруға пәрменді көшбасшылардың жаңа буынын іздеп отырғаны кездейсоқтық емес».
«Біздің дәстүрлі серіктестеріміздің осы бірегей бағдарламаны іске асыруда көрсетіп отырған қолдауы бізге осы диалогқа жас ұрпақты көбірек жұмылдыруға септігін тигізуде», - деді ОААЭО атқарушы директорының орынбасары Генрих Вейс.
«Аймақтағы экологиялық және орнықты даму саласындағы іс-шараларды нәтижелі іске асыруда Орталық Азия азаматтық қоғамының орны күн санап шешуші фактор ретінде қабылданып келеді».
Бұл шара ЕҚЫҰ Орталығының экологиялық қауіпсіздік және орнықты даму саласындағы аймақтық диалог мен ынтымақтастықты дамыту мәселесін шешудегі бір бөлшегі болып табылады.