ЕҚЫҰ аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылау үшін Қазақстанда Орталық Азия студенттерінің басын қосты
2013 жылдың 3-5 қыркүйегі аралығында ЕҚЫҰ қолдауымен өткен Орталық Азия жастар желісінің (СAYN) осы жылғы бас қосуы экстремизмге қарсы әрекеттер, толеранттылықты қолдау, аймақтық қауіпсіздікті жақсарту және көші-қон беталыстары мен саяси идеологияларды түсіну мәселелері қаралды.
Үш күнге созылған шараға Еуропа, Орталық Азия және Ауғанстан университеттерінің 60 астам студенті, сондай-ақ ғылыми орталар мен үкіметтік емес ұйымдардың спикерлері қатысты. Бұған қоса, іс-шараға ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының нәсілшілдікпен, ксенофобиямен және христиандар мен өзге дін өкілдеріне қатысты кемсітушілікпен күресу жөніндегі арнайы өкілі елші Татьяна Ижевская мен ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты кемсітушілікпен және шыдамсыздықпен күрес мәселесі жөніндегі жеке өкілі Әділ Ахметов қатысты.
Биылғы семинар атауы: «Зорлық экстремизмге қарсы әрекет қолдану үшін Орталық Азия жастарының әлеуетін арттыру».
«Белсенді қызығушылық пен азаматтар бастамасы демократиялық институттарға және аймақтағы тұрақтылыққа қолдау көрсетуде шешуші рөл атқарады және сендер – студенттер осы процестің маңызды бөлшегісіңдер», - деді ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы Наталия Зарудная. «Біз жас әрі жан-жақты жастармен өзара әрекеттесу ісіне инвестициялар сала отырып, аймақтың дамуына өз үлесімізді қосып, өзара сенімділік ортасын қалыптастыра аламыз деп деген нық ойдамыз».
Шараға қатысушы басты спикерлердің бірі, Женева қаласы лаңкестікті зерттеу және саралау орталығының негізін қалаушы Жан-Поль Руйе «Орталық Азия сияқты аймақтардың болашақтағы көшбасшылардың бірігуі аса маңызды, өйткені бұл болашақта бетпе-бет кездесу ықтимал мәселелердің шешілуіне ықпалын тигізіп қана қоймай, өңірдегі қауіпсіздікті арттырады» - атап өтті.
Шараның үшінші күнінде назарға Алматының «АРТиШОК» театр тобы ұйымдастырған бірқатар интерактивті қойылымдар ұсынылды. Бұған қоса қатысушыларға 2002 жылы Мәскеу қаласында «Норд-Ост» мюзиклын қою барысында болған лаңкестік оқиғаларына негізделген пьесасы көрсетілетін болады.
Аталған семинар жастардың қазіргі қауіпсіздік қауіп-қатерлердің және мұндай қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдары жөніндегі ЕҚЫҰ-ның алатын орны туралы түсіністікті нығайтуда атқаратын ЕҚЫҰ қызметінің бір бөлшегі болып табылады.
Семинарды ЕҚЫҰ аймақтаағы дала миссияларына қолдау көрсетілуімен ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы ұйымдастырды. Орталық Азия жастары желісінің алдыңғы семинарлары 2004 жылы Өзбекстанның Чарвак елді мекенінде, 2005 жылы Қырғызстандағы Ыстықкөлде және 2009, 2010, 2011, 2013 жылдары Алматы қаласында өтті .