«Дін зорлық-зомбылықты ақтау үшін пайдаланылмауы тиіс» - деп мәлімдеді Қазақстанда өтіп жатқан Орталық Азия жастар желісінің семинары барысында ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының өкілдері
АЛМАТЫ, Қазақстан, 5 қазан 2013 жыл – Бүгін Алматы қаласында өз мәресіне жеткен ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген Орталық Азия жастар желісінің (СAYN) семинарына ЕҚЫҰ украиналық төрағалығының толеранттылық пен кемсітушілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілдері қатысты.
ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының христиандар мен өзге дін өкілдеріне қатысты нәсілшілдікпен, ксенофобиямен және кемсітушілікпен күресу жөніндегі арнайы өкілі елші Татьяна Ижевская мен ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты кемсітушілікпен және шыдамсыздықпен күрес мәселесі жөніндегі жеке өкілі Әділ Ахметов толеранттылық идеяларына қолдау көрсету және лаңкестікке әкелетін зорлық экстремизм мен радикалдылықты алдын алу мәселелері бойынша талқы өткізді. Аталған тұлғалар өзге халықаралық сарапшыларды таныстырып, аталған мәселелерді шешу ісіне жастарды жұмылдыру идеяларын дайындауда студенттермен ықпалдасып, талқы модераторларының міндеттерін атқарды.
«Дін зорлық-зомбылықты ақтау үшін пайдаланылмауы тиіс» - деді өз баяндамасында арнайы өкіл, елші Ижевская ханым. – «Дін бейбітшілік пен түсінушілік құралы болуы тиіс, ал жастар болса, бейбітшілік елшілерінің миссиясын орындаулары керек».
Елші Ахметов өзара түсіністіктің маңызды екенін ерекше атап өтіп: «Рим папасы Иоанн Павел ІІ сөздерімен айтатын болсақ, біз әр алуан мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы айырмашылықтарға таңырқамай, жат көрмей, керісінше, арамыздағы ортақ құндылықтарды алға тартуымыз қажет».
Мұнымен қоса, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы елші Ижевская ханымның және елші Наталия Зарудная ханымның әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне сапарын ұйымдастырды. ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы студенттермен кездесіп, толеранттылықты тәрбиелеу мәселелері бойынша әнгіме-сұхбат өткізді. Үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру мекемелері мен діни қауымдастық өкілдерімен кездесу барысында Ижевская ханым сонымен қатар Қазақстан аумағында дін ұстанудағы еркіндікті құрметтеу мәселесінің қазіргі ахуалын сөз етті.