ЕҚЫҰ Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарының заңгерлері үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған тренинг өткізуде
2013 жылы 17-19 сәуір аралығында Алматы маңындағы Алатау шипажайында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар заңгерлері үшін семинар-тренинг өткізілді.
Семинар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен Дағдарыстық Орталық Одағы мен Қазақстандағы Фридрих Эберт қоры ұйымдастырған «Заңгерлер университеті-2013» жобасының аясында өткізілді. Семинарға 18 заңгер мен Алматы қаласынан және ел аймақтарынан келген әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен айналысатын бөлімдердің 13 полиция қызметкерлері қатысты.
Іс-шара отбасылық зорлық-зомбылықты алдын алуға маманданған қорғаушы адвокаттар мен полиция қызметкерлерінің білім деңгейі мен кәсіби дағдыларын жақсартуға бағытталған. Семинарда заң факультеттері профессорлары, судьялар мен мемлекеттік қызметкерлер сарапшы ретінде тәжірибелерімен бөлісті.