ЕҚЫҰ Қазақстан Республикасында қорғаушының қылмыстық процестегі рөлi жөнінде талқылауды қолдайды
АСТАНА, 28 ақпан 2013 ж. - бүгiн ЕҚЫҰ-ның қолдауымен Астанада қылмыстық сот iсін жүргiзу саласында конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғаудағы адвокат қорғаушылардың рөлін жоғарылату тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара Парламент Мәжiлiсі, Жоғарғы сот, Республикалық адвокаттар алқасы, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы, «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» жобасының жұмысы шеңберінде Еуропалық Одақ өкілдігі, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы және Сорос-Қазақстан қорымен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып отырған Қылмыстық іс жүргізу (процессуалдық) кодексінің реформасына байланысты өткізілді.
Іс-шараға жоғары лауазымды ресми тұлғалар, заңгерлер, қорғаушылар, ғалымдар және халықаралық ұйымдардың өкiлдері, сонымен бiрге Австрия, Эстония, Франция, Ресей және АҚШ-тан келген сарапшылар қатысты. Қатысушылар қылмыстық процестегі жақтардың тең құқықтықтығын қамтамасыз ету, қорғаушылардың тәуелсiздiгi және қорғау құқығы жөніндегі мәселелерді талқылады. Сондай-ақ қатысушылар қорғаушылардың қылмыстық сот iсiн жүргiзудегі рөліне, соның ішінде қорғау жағымен дәлелдерді жинақтау, «Құпия» таңбасымен белгіленген iстерді қарауға рұқсатын реттеуге, өтініш және басқа дәлелдерді сотқа беру тәсілдеріне қатысты озық тәжiрибемен бөлiсті.
«ЕҚЫҰ Қазақстандағы Қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу кодексін реформалау бойынша күш-жігерді, атап айтқанда, қорғаушылар институтының одан әрi дамуын қолдайды», - деді іс-шараның ашылу салтанатында елші Наталия Зарудна, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы. «Бiз ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшем саласындағы мiндеттемелерi шеңберiнде және ЕҚЫҰ-ның қатысушы мемлекеттерiмен келiсу бойынша қорғаушылардың құқықтарын кеңейту, сонымен бiрге олардың бостандығының кепiлдiктерiн күшейту туралы ұсыныс жасар едiк».
«Азаматтардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасында ұлттық құқықтық саясаттың басты мақсаттарының бiрi болып қалуда. Бiз қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының ағымдағы реформасы, азаматтарды тікелей құқытық консультациямен қамтамасыз етуші адамдар ретінде, қорғаушыларға одан әрi қолдау көрсетудiң қажеттiлiгiн ескереді деп санаймыз» ,- деп, өзінің кіріспе сөзінде ҚР әдiлет министрi Берiк Имашев атап өтті.
Дөңгелек үстелдiң қорытындысы бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және шешiм қабылдауға жауапты маңызды тұлғалардың тарапынан адвокат қорғаушылардың мәртебесі мен рөлін жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірленіп, таратылды.