ЕҚЫҰ Қазақстан Республикасында азаптаулардың алдын алу механизмін құру мәселесін талқылауды қолдайды
14 наурыз 2013 жылы Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетімен және Орталық Азиядағы Халықаралық абақты реформасы өкілдігімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында азаптауларға қарсы Ұлттық алдын алу (превентивті) механизмін (ҰПМ) құру жөніндегі заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іc-шара Қазақстан Республикасы 2008 жылы БҰҰ азаптауларға қарсы Конвенциясына Факультативтік хаттамасын (OPCAT) ратификациялағаннан кейін ҰПМ құқықтық негізін құрудағы ұзақ мерзімді процесстің құрамдас бөлігі болып табылады.
Шараға ҰПМ бойынша заңнамалық жұмыс тобының өкілдері, уәкілетті мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел жұмысы барысында басты назар Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (омбудсмен) орталығын ұлттық алдын алу механизмнің негізгі элементі ретінде анықтайтын заң жобасын талқылауға бөлінді. ҰПМ мүшелерінің мандаты, қаржылық дербестігі, құқықтары мен міндеттері сияқты мәселелер қарастырылып, сонымен қатар ҰПМ қатысушылары болып табылатын азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
ҰПМ жөніндегі заң жобасы шеңберінде қатысушылар Факультативті Хаттама ережелері бойынша Қазақстанның мойындаған халықаралық міндеттемелеріне сәйкес азаптаулар мен қатыгез әрекеттерден қорғаудың тиімді кепілдіктерін жасауды талқылады.