ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы жемқорлыққа қарсы саясатты қолдайды
2013 жылдың 16 сәуірінде Астанада жемқорлықпен күрес бойынша алдын ала шараларды әзірлеуге, жүзеге асыруға және мониторингтеуге және Орталық Азия елдеріндегі бизнес саласындағы әділдік пен кемелденген басқаруға қолдау көрсету жолдары бойынша үш күндік семинар басталды.
Семинар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы мен ЕҚЫҰ экономика және қоршаған орта Координаторы Басқармасымен, Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес Агенттігімен, БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасының (ЮНОДК) Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігімен және Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымымен бірлесе отырып ұйымдастырылды.
Семинарға Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түркменстанның, Өзбекстанның және Арменияның, Хорватияның, Грузияның, Малайзияның, Корей Республикасының, Румынияның, Ресейдің, Түркия мен Ұлыбританияның қоғамдық секторы мен бизнес қауымдастықтарының 50 жуық өкілі қатысты.