ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан прокурорларына су ресурстарын басқару мәселелері бойынша оқытуға көмектеспек
АСТАНА, 3 мамыр – Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан прокурорларына су ресурстарын, институттық хартияларды басқару мәселелерінің ұстанымдарын, сондай-ақ заңнама бойынша оқыту мақсатында онлайн режимінде ұлттық семинарға қолдау көрсетуде. Семинар бүгін аяқталды.
Аталмыш семинардың мақсаты – су ресурстары саласындағы басқарудағы қателік салдарынан болған апат немесе келтірілген залал бойынша қылмыстық істің қаралуына қатысатын прокурорлардың дағдыларын жақсарту және Орталық Азиядағы су қауіпсіздігінің аймақтық аспектілері туралы мәлімет ұсыну.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы мен Бас Прокуратура Институтымен (БПИ) бірлесіп, бүкіл әлем бойынша Бас Прокуратураның орталық және аймақтық бөлімшелеріндегі 190 жуық прокурор мен шенеуніктерге арналған шара ұйымдастырды. Халықаралық және жергілікті сарапшылар су қауіпсіздігі, соның ішінде ауыз су мәселесіндегі, сондай-ақ су ресурстарын қорғаудағы прокурорлардың орны мәселесіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Аймақтық контексте су ресурстарын тиімді басқару Орталық Азиядағы орнықты дамытудағы басты аспектілердің бірі болып табылады» - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Жаннетт Клетцер. «Құқық қорғау органдарын, прокурорларды, соттар мен азаматтық қоғамды қоса алғанда, процесс қатысушыларын оқыту осы салада өзара әрекеттесу үшін өте маңызды. Бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы ашықтық пен адал басқарудың – ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттері өздеріне алатын міндеттеменің арттырылуына септігін тигізбек».
«Су ресурстарына төнген қауіп пен экологиялық проблемалар кешенін шешу мәселесі көтеріліп, ол бойынша үлкен жұмыстар атқарылып келе жатқанына біраз жыл болды» - деді Қазақстанның Бас Прокурорының орынбасары Жақып Асанов. «Бүгінгі шара – қарастырылып отырған мәселені жан-жақты қарастыруға болатын жақсы диалог алаңы. Мәселелер прокуратура органдары атқаратын қызмет призмасы арқылы талқыланса игі болар еді.
Ұйымдастырылып отырған семинар әрбір тыңдарман прокурорға кейінгі уақытта су кодексінің қолданылуының әрекетті қадағалануын қамтамасыз ету үшін қажетті дағдылар мен білім меңгеруге септігін тигізсе екен дейміз».
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы мен Бас Прокуратура Институты әзірлеген осы оқу курсы әлеуетті арттыру бойынша бірлесіп дайындалған бағдарламаның бір бөлшегі болып табылады.