ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары заңнамасын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды
АСТАНА, 27 наурыз 2013 ж. – Бүгін Астана қаласында Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының қолдау көрсетуімен Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары заңнамасын реформалау перспективалары мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Парламент депутаттарын, халықаралық және қазақстандық медиа сарапшыларды, сондай-ақ мемлекеттік орган, үкіметтік емес және халықаралық ұйым өкілдерін қосқанда, 50 астам қатысушы қатысты. Қатысушылар ұлттық қылмыстық және азаматтық заңнаманы реформалау мәселелерін, соның ішінде диффамацияны декриминализациялау тақырыбы талқылады.
Бұған қоса, моральдік зиянды өтеу туралы талап-арыз талаптарын құқықтық реттеу және ақпаратқа қол жетімділік мәселелері қозғалды.
«Жала жабу үшін қылмыстық жауапкершілік мемлекеттік лауазымды тұлғалардың асыра қорғалуына әкеп соқтырып, осы арқылы, басқаша көзқарасты басып, сөз бостандығын шектейді» - деді Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталия Затрудна. «Осы орайда, бүгінде әзірлену үстіндегі Қазақстанның Қылмыстық заңнама жобасының соңғы нұсқасында мемлекеттік барлық халықаралық міндеттемелері толығымен көрсетіліп, сөз бостандығына деген құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтарға барынша мүмкіншіліктер беріледі деп сенемін».
«Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға сөз бостандығына кепілдік береді және цензураға тыйым салады. Десек те, қылмыстық заңнама көптеген тұстары бойынша осы конституциялық кепілдіктерге қайшы келіп жатады. Азаматтық құқықтар мен бостандықтың халықаралық стандарттарға сай толыққанды іске асырылуын көздейтін БАҚ туралы заңнаманы либералдаудың уақыты жетті» - деді Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының Президенті Тамара Калеева.
Аталмыш шара «Әділ Сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорымен, «Arcticle 19» құқық қорғау ұйымымен, Сорос Қазақстан қорымен және Норвегия мен Нидерланды елшіліктерімен бірлесіп ұйымдастырылды.