ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстанда ақпаратқа қол жетімділік мәселесі бойынша пікірталас өткізу бастамасын қолдап отыр
АСТАНА, 27 ақпан 2013 жыл – Бүгін Қазақстан азаматтарының ақпаратқа қол жеткізу құқығы қарастырылған мемлекет заңын жетілдіру мәселесі дөңгелек үстел түрінде өткен екі күндік конференция өз жұмысын бастады. Аталмыш конференцияны Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Интерньюс-Қазақстанмен бірігіп ұйымдастырылып отыр.
Конференцияның жұмысына парламентар мүшелері, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен журналистер, сондай-ақ халықаралық және отандық сарапшылары қатысты. Өткізілген жиын шеңберінде халықаралық ұйымдардың қолдауымен әрі ықпалдасуымен әзірленген ақпаратқа қол жетімділік мәселесіне қатысты заң жобасы үлкен талқыға салынып, тарқатылып әңгімеленді.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталия Зарудна өз сөзінде Қазақстан аумағында ақпаратқа деген қол жетімділікті реттейтін құқықтық база құрудың маңыздылығын түйреп айтты. Наталия Зарудна: «Демократиялық қоғамда үкімет өз азаматтарына ақпарат алу құқығына кепілдік беріп, ұсынылатын ақпараттың барынша ашық болуын және кеңінен таратылуын ұстануы тиіс. Ақпарат алу құқығы азаматтардың мемлекеттік істерге қатысуларының және үкімет қызметінің айқын болуының қамтамасыз етілуінің бірден-бір шарты болып табылады».
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішев ақпаратқа қол жетімділік туралы заңды қабылдау бастамасын құптап, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдарды заң жобасын әзірлеу ісінде ынтымақтастық танытуға үндеді.
Аталмыш шара – билік органдары қызметінің ашық та, айқын болу дәрежесін арттыруға және ақпаратқа қол жетімділікті арттыру арқылы ақпараттың ешбір бөгетсіз жетуін қамтамасыз етуге ықпалдасуға бағытталған ЕҚЫҰ Орталығы атқаратын жұмыстардың бір бөлшегі.