ЕҚЫҰ Орталық Азия шекара сақшыларына аймақтық тренингөткізуде
Орталық Азияның шекара сақшыларына ЕҚЫҰ-ның қолдауымен құжаттарды қорғау мәселелері жөніндегі үшкүндік тренинг 2013 жылғы 11 наурызда Алматы қаласында басталды.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінің қатысушылары құжаттарды қорғаудың, жалған құжаттарды анықтаудың негізгі ерекшеліктерімен танысады. Австрия және Литва елдерінен келген сарапшылар шекараларды халықаралық басқару және олардың қауіпсіздігі жөніндегі тәжірибелерімен бөліседі.
Семинарды ЕҚЫҰ орталығымен ЕО/БҰҰДБ Орталық Азиядағы БОМCА бағдарламасы бойынша шекараларды басқару және Қазақстанның Шекара қызметінің қолдауымен ұйымдастырды.
Семинар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстанда шекара қауіпсіздігінің тұжырымдамасын алға жылжыту жөніндегі қызметінің бір бөлігі болып табылады. Осыған ұқсас тренинг 2013 жылы ақпан айында Шымкент қаласында өткізілген болатын.