Жаңалықтар
News and press releases
ЕҚЫҰ-ның жаһандық қызметі туралы жаңалықтар мен баспасөз-релиздер
Қазақстандық делегация елдің киберқылмыспен күрес саласындағы әлеуетін күшейту мақсатында Финляндияға сапар жасады
Publishing date: 2 қазан 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
2024 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі (бұдан әрі – Офис) ҚР Ішкі істер министрлігімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің қолдауымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Офистің «Қазақстан Республикасына киберқылмысқа қарсы тиімді саясат әзірлеуге қолдау көрсету» (I кезең) атты бюджетен тыс жобасы аясында Қазақстан делегациясының Финляндия, Хельсинки қаласына танысу сапарын ұйымдастырды. Делегация құрамына Ішкі істер министрлігі мен Президент Әкімшілігінің өкілдері кірді.
Қазақстандағы киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру тобының үшінші отырысы
Publishing date: 30 қыркүйек 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
2024 жылғы 18 қыркүйекте ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі Қазақстандағы 2025-2029 жылдарға арналған киберқылмыстар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимылдың алғашқы Кешенді жоспарын (бұдан әрі – Кешенді жоспар) әзірлеу бойынша Ведомствоаралық үйлестіру тобының қорытынды, үшінші отырысын өткізді.
Қазақстанның Сот әкімшілігіне арналған стратегияны әзірлеу семинары
Publishing date: 16 қыркүйек 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Құқық үстемділігі
2024 жылғы 11-14 қыркүйекте ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің «Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру» бюджеттен тыс жобасы аясында 2025-2029 жылдарға арналған соттарды әкімшілендіру стратегиясын қалыптастыруды қолдауға бағытталған семинар өтті. Семинар екі кезеңде бірінші Астана қаласында басталып, жалғасын Бурабайда тапты.
Қалдық қоймаларының қауіпсіздігі және су нысандарының кездейсоқ ластануының алдын алу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті
Publishing date: 28 тамыз 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
2024 жылғы 26 тамызда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі (бұдан әрі-Офис) Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК) және Халықаралық суды бағалау орталығымен (СРБО) ынтымақтастықта қалдық қоймаларының қауіпсіздігі және Қазақстандағы су объектілерінің кездейсоқ ластануын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (ВЖТ) 3-ші отырысын өткізді.
ОБСЕ мен ҚР ҚМА Қазақстандағы ойын бизнесіндегі тәуекелдерді басқаруды күшейту үшін семинар ұйымдастырды
Publishing date: 20 тамыз 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экономикалық қызмет
2024 жылдың 19-20 тамызында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі Қаржылық мониторинг агенттігімен (ҚМА) бірлесіп, құмар ойындар мен лотереялар саласындағы тәуекелдерді басқаруды күшейтуге арналған оқыту семинарын өткізді.
ЕҚЫҰ Қазақстанның банк секторындағы ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі іс-әрекетті күшейтуде
Publishing date: 31 мамыр 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экономикалық қызмет
2024 жылғы 29-30 мамырда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) бірлесіп Алматы қаласында оқыту семинарын өткізді. Семинар салық қылмыстары, кәсіпкерлік қызмет және мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар нәтижесінде болған ақшаны жылыстатуға қарсы күреске арналды. Бұл бастама Қазақстанның ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестегі әлеуетін нығайтуға бағытталған көпжылдық ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады.
Сот жүйесінің біліктілігін арттыру: Қазақстандағы заңгерлер үшін қарқынды тренинг
Publishing date: 20 мамыр 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Құқық үстемділігі
13 мамырда Астанада Қазақстанның барлық өңірлерінен келген заңгерлер Қазақстанның сот жүйесі үшін әлеуетті кадрларды қайта даярлауға бағытталған қарқынды құқықтық тренингке қатысу үшін жиналды. Тренинг 13-18 мамыр аралығында өтті және білім беру іс-шараларының кешенін қамтыды. Тренинг басталмас бұрын қатысушылар өздерінің негізгі дағдылары мен білімдерін нығайту мақсатында Сот төрелігі академиясы ұйымдастырған екі апталық онлайн оқыту бағдарламасынан өтті, сондай-ақ сынақ эссе жазды.