Жаңалықтар
News and press releases
ЕҚЫҰ-ның жаһандық қызметі туралы жаңалықтар мен баспасөз-релиздер
ЕҚЫҰ Қазақстандағы ауыл әйелдерінің форумын қолдайды
Publishing date: 5 қараша 2021
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Гендерлік теңдік
2021 жылғы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің қолдауымен аралас форматта Қазақстандағы ауыл әйелдерінің форумы өтті. Іс-шара жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясымен, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен және Coca-Cola халықаралық қорымен серіктестікте ұйымдастырылды.
ЕҚЫҰ COVID-19 пандемиясы кезінде Орталық Азиядағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық онлайн конференцияны қолдайды
Publishing date: 2 қараша 2021
2021 жылдың 29 қазанында ЕҚЫҰ қолдауымен COVID-19 пандемиясы кезінде Орталық Азиядағы адам құқықтарын қорғау бойынша аймақтық онлайн-конференция өтті. Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі Бішкектегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі, Душанбедегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі және Өзбекстандағы ЕҚЫҰ жобаларының үйлестірушісімен бірлесіп ұйымдастырды.
ЕҚЫҰ Қазақстандағы жасыл кеңсе конкурсының жеңімпаздарын марапаттады
Publishing date: 28 қазан 2021
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экологиялық қызмет
2021 жылдың 22 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен жасыл кеңсе конкурсының жеңімпаздары жарияланды. Бұл конкурс мемлекеттік мекемелерге, жеке компанияларға, азаматтық қоғамға және халықаралық ұйымдарға қалдықтарды азайтуға және оларды қайта өңдеуге ерекше көңіл бөле отырып, ресурстарды тұрақты пайдалануға мүмкіндік берді.
ЕҚЫҰ адвокаттар мен заң консультанттары үшін оқыту семинарын ұйымдастырады
Publishing date: 22 қазан 2021
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Құқық үстемділігі
2021 жылғы 21 және 22 қазанда Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі адвокаттар үшін кәсіби қоғамдастықтардың әлеуетін арттыру бойынша екі күндік онлайн семинар-тренинг ұйымдастырды.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлі мен әлеуетін арттыру бойынша бірқатар семинарлар өткізуді қолдайды.
Publishing date: 20 қазан 2021
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Демократияландыру
ЕҚЫҰ қолдауымен мәслихаттардың (жергілікті өзін-өзі басқару органдарының) рөлі мен әлеуетін арттыру бойынша семинарлар сериясы басталды, олар 2021 жылғы 19 қазан мен 23 қараша аралығында аралас форматта өткізілетін болады. Іс-шара барлық он төрт облысты және үш ірі қаланы- Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентті қамтиды. Бірінші семинарға Қостанай облысының аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттарының 140-қа жуық депутаты қатысты.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі жастардың саяси және азаматтық салаға қатысуын кеңейту бойынша конференцияны қолдайды
Publishing date: 15 қазан 2021
2021 жылғы 15 қазанда Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ қолдауымен жастардың елдің саяси және азаматтық өміріне қатысуын арттыру бойынша конференция өтті. Аралас форматта өткен іс-шараға 50-ге жуық Парламент депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, жастар ұйымдарының өкілдері, жас сарапшылар мен адам құқықтарын қорғау қозғалысының белсенділері қатысты.
ЕҚЫҰ капиталды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл жөніндегі семинарды қолдайды
Publishing date: 15 қазан 2021
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экономикалық қызмет, Countering terrorism